Қызметінен босатылған президент Юн Сок Ельге Оңтүстік Кореялық прокурорлар 26 қаңтар күні ресми айып тақты, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Yonhap басылымының хабарламасына сүйенсек, ол «бүлікке басшылық етті» деп айтыпталып отыр.
Юн тұтқындалған болатын енді ол сот ісі басталғанға дейін қамақта отырмақ. Тергеу мәліметтері бойынша сот алты ай ішінде басталуы керек.
Еске салайық, Юн Сок Ель 2024 жылғы 3 желтоқсанда елде қысқа мерзімді әскери жағдай жариялап, бүлік жасамақ болған.