QULAGER.KZ. Бүгін Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Ақорда.
Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, сөз сөйледі.
Мерекелік шарада «Парасат» орденімен Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Облыстық офтальмологиялық аурухана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Рамазан Сейдахметұлы Бектұрғанов марапатталды.

