Түркістан облысында әлеуметтік сала көрсеткіштерінің орындалуы қатаң бақылауда, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Түркістан облысында әлеуметтік салаға бекітілген индикаторлық жоспардың орындалу барысы тұрақты бақылауда. Осыған орай облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Ордабасы, Отырар, Сауран аудандары мен Кентау қаласының жауапты өкілдерімен мәжіліс өткізіп, орындалмау қаупі бар бағыттар бойынша уәждерін тыңдады. Жиында аудан-қалалардың нәтижелері салыстырылып, мүмкіндіктерді сараланды.
Осыған дейін облыс әкімінің орынбасарының тапсырмасымен құрылған жұмысшы топ өңірлердегі қалыптасқан жағдайларды зерделеп, бірқатар кемшілктерді анықтаған болатын. Атап айтқанда, электронды еңбек шарттарын тіркемеген, жазатайым оқиғадан сақтандыру шартын түзбеген, зейнетақы жарнасын толық аудармаған мекемелер мен АӘК тағайындау барысында жіберілген кемшіліктер анықталған.
Кентау қаласы әкімінің орынбасары Нұрдәулет Медеуов жүргізілген жұмыс нәтижесінде бүгінге дейін 184 мекеме 328 адамның электронды еңбек шартын түзіп тіркегенін мәлімдеді. Жабылған, басқа өңірге қоныс аударған мекемелер бойынша Түркістан облысы Еңбек инспекциясына тиісті шара қолдану үшін хат жолданғанын жеткізді.
Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Мейрамбек Акмуратов өз кезегінде атаулы әлеуметтік көмектің заңды тағайындалуына, жұмыспен қамтылуының шынайылығына жүргізілген зерделеу нәтижесімен 51 отбасының құжаттарынан анықталған кемшіліктер комиссиямен қайта қаралғанын атап өтті (1 отбасының ақпараттық жүйеге енген мәліметінен қате шықса, 50 отбасының кемшілігін облыстық жұмысшы топ үй аралау барысында белгілі болған). Бекітілген қорытындыға сәйкес, 7 отбасы қаржыны мемлекетке кері қайтарады.
Сонымен қатар өңірлік жұмыспен қамту картасының орындалуы бойынша Сауран және Отырар аудандарының кемшіліктерін талдай келе Нұрбол Әбдісаттарұлы сала жетекшілеріне бірқатар тапсырма берді.
– Жоспарды орындау үшін мерзімін күтіп жүретіндер бар. Біз уақытқа емес, нәтижеге жұмыс істеуіміз қажет екенін тағы ескертемін. Екі аптада алғашқы жартыжылдықтың есебі жабылады. Сол кезде сөз бен істің арасы алшақтап жүрмесін, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Сондай-ақ аудан-қала көрсеткіштеріндегі өзгеріс күнделікті қадағаланып, ұсынылған есептердің шынайылығы тексерілетінін атап өтілді.

