HomeЖаңалықБиыл Түркістанда 2 мыңға жуық тұрғын тұрақты жұмысқа орналасты

Биыл Түркістанда 2 мыңға жуық тұрғын тұрақты жұмысқа орналасты

Түркістан қаласында жыл басынан бері 2 мыңға жуық тұрғын тұрақты жұмысқа орналасқан, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте халықты жұмыспен қамту шараларының орындалу барысы қаралды. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Эльмира Бейсенова баяндама жасап, саладағы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.

 

Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында биыл 19 жоба арқылы 136 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Бүгінде 3 жоба іске асырылып, 41 жаңа жұмыс орны ашылған. Сонымен қатар, «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны» жобасы бойынша жылдық жоспар 1 250 орынды құрайды. Есепті кезеңде 383 жұмыс орны құрылып, бес айлық жоспардың орындалуы 93 пайызға жеткен. Тұрақты жұмыспен қамту бағытында жыл басынан бері 1 794 азамат жұмысқа жолданып, бес айлық жоспар 66,5 пайызға орындалды. Оның ішінде 1 644 азаматқа міндетті зейнетақы жарналары аударылған. Субсидияланатын жұмыс орындары бойынша да жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Жылдық жоспар 1 600 орынды құраса, бес айдың қорытындысымен 1 232 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 103,9 пайызға орындалған. Оның ішінде қоғамдық жұмыстарға – 900, жастар практикасына – 164, әлеуметтік жұмыс орындарына – 97 және «Күміс жас» жобасы аясында 71 азамат жолданған.

 

Мәжіліс барысында қала әкімі ұлттық жобалар шеңберінде жаңа жұмыс орындарын құру, еңбек шарттарын тіркеу және міндетті зейнетақы жарналарын аудару көрсеткіштерін арттырудың маңыздылығына тоқталды. Жауапты сала басшыларына жұмысты жандандырып, жоспарлы көрсеткіштердің толық орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Ұқсас жазбалар