HomeЖаңалықҚазақстанда инвесторларды сүйемелдеудің кешенді жүйесі жұмыс істейді

Қазақстанда инвесторларды сүйемелдеудің кешенді жүйесі жұмыс істейді

QULAGER.KZ. Қазақстанда инвестициялық белсенділіктің артып жатыр. 2026 жылдың төрт айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар 6,7%-ға ұлғайып, 4,9 трлн теңгеге жетті, ол экономиканың өсу қарқынынан жоғары. Бұл ретте 2025 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны былтырмен салыстырғанда 14,4%-ға өсіп, 20,5 млрд долларды құрады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов мәлімдеді.

 

Спикер халықаралық Moody’s, Standard & Poor’s және Fitch рейтингтік агенттіктері Қазақстанның егеменді рейтингін инвестициялық сенімділік деңгейінде жүйелі түрде растап отыратынын атап өтті.

 

«Қазақстанға инвестиция тарту үшін шетелдік мекемелерді, орталық мемлекеттік органдарды және өңірлік деңгейді қамтитын инвесторларды сүйемелдеудің кешенді жүйесі қалыптастырылды. Әрбір өңірде инвестициялар тартуды қажет ететін нақты жобаларды көздейтін инвестициялық бағдарламалар әзірленді. Жобалар іріктеліп алынғаннан кейін, Қазақстанның шетелдегі өкілдіктері арқылы инвесторларды іздеу бойынша атаулы жұмыстар жүргізіледі», – деп атап өтті вице-министр.

Ұқсас жазбалар