HomeЖаңалықТҮРКІСТАН: Сайрамда 4 мың гектарға жуық алқапқа картоп дақылы егілген

ТҮРКІСТАН: Сайрамда 4 мың гектарға жуық алқапқа картоп дақылы егілген

Сайрам ауданында 4 мың гектарға жуық алқапқа картоп дақылы егілген, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Сайрам ауданында биыл 3 700 гектар алқапқа картоп дақылы егілген. Қазіргі таңда оның 950 гектарынан 1 134 тонна өнім жиналған. Орташа өнімділік гектарына 205 центнерді құрап отыр. Жиналған өнім ішкі нарыққа жөнелтіліп, тұрғындарды сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталуда.

 

Картоп жинау жұмыстары аудан көлемінде бекітілген жоспарға сәйкес жалғасып жатыр. Ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген диқандардың қажырлы еңбегі нәтижесінде биыл да мол өнім алуға мүмкіндік туып отыр.

Ұқсас жазбалар