Отырар ауданында қар тазалау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Отырар ауданы аумағындағы орталық көшелердің қозғалысын ретке келтіру мақсатында қарды тазалауға 4 арнайы техника жұмылдырылып, көше бойына құм және тұз себу мен қар тазалау жұмыстары атқарылуда. Аталған жұмыстар «Отырар-2050» мекемесіне жүктелген. Бүгінгі жауған қарды арнайы техникалардың көмегімен жолдар үйінді қардан тазартылу үстінде.
Жолда жүрудің белгіленген ереже талаптарының берік сақталуы қажет екендігі басты назарға алынған. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер жолы мен аялдамалар, әлеуметтік нысан аумақтары, елді мекендердегі орталық көшелер қардан тазартылу үстінде.