HomeҚоғамТүркістан облысында мемлекеттік нөмірсіз көлік басқарған жүргізушілер анықталды

Түркістан облысында мемлекеттік нөмірсіз көлік басқарған жүргізушілер анықталды

Түркістан облысында мемлекеттік нөмірсіз көлік басқарған жүргізушілер анықталды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

Түркістан облысында мемлекеттік нөмірсіз көлік басқарған жүргізушілер анықталды. Облыстық патруьдік полиция батальонының қызметкерлері республикалық маңызы бар Алматы — Ташкент — Термез автожолында Сарыағаш қаласы бағытынан мегаполиске бара жатқан Geely автокөлігін тоқтатты.

Тексеру барысында жүргізушінің көлікті мемлекеттік тіркеу белгісінсіз басқарып жүргені анықталды. Аталған құқық бұзушылық бойынша тәртіп сақшылары заңға сәйкес тиісті шара қолданды.

Қосымша тексеру кезінде мемлекеттік нөмірлік белгі автокөліктің салонынан табылды. Полиция қызметкерлерінің талап етуімен кемшілік сол жерде жойылып, нөмірлік белгі көлікке қайта орнатылды. Жүргізушіге заң талаптары түсіндірілді.

Сондай-ақ батальон қызметкерлері патрульдеу кезінде 1 аптаның ішінде мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген 10 көлікті анықтап, құқық бұзушылықты тоқтатқан.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды заң талаптарын қатаң сақтауға және көлік құралдарын белгіленген тәртіпке сай пайдалануға шақырады.

Ұқсас жазбалар