Кентауда биыл ірі спорт кешені ашылады, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Кентау қаласында ірі спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. 2025 жылдың тамыз айында басталған құрылыс жұмыстары биыл толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Қазіргі таңда нысанда іргетас құю, бағаналардың темір қаңқасын орнату, бетон құю, кірпіш қалау және 2-қабаттың монолитті құрылымдарын құю жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарына 70 құрылысшы мен 2 техника жұмылдырылған.
Жоспар бойынша екі қабатты спорт кешенінде әмбебап спорт залы, күрес және бокс залдары, шығыс жекпе-жектері мен көркем гимнастикаға арналған залдар, сондай-ақ қосымша қажетті бөлмелер қарастырылған. Кешен толық пайдалануға берілгеннен кейін онда 1000-ға жуық спортшы жаттыға алады.

