HomeҚоғамТҮРКІСТАН: Сауранда футбол және ойын алаңшасы пайдалануға берілді

ТҮРКІСТАН: Сауранда футбол және ойын алаңшасы пайдалануға берілді

Сауранда жаңа футбол және ойын алаңшасы пайдалануға берілді, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Сауран ауданына қарасты Жаңа Иқан ауылдық округінің Ибата елді мекенінде инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров аталған ауылға жұмыс сапарымен барып, елді мекенді электр қуатымен қамту жобасының құрылыс барысымен танысты.

 

Жоба аясында 2339 дана электр бағанасы орнатылып, 57,6 шақырым электр желісі тартылуда. Сонымен қатар 18 трансформатор орнату жоспарланған. Нәтижесінде 1289 абонент тұрақты электр қуатымен қамтылатын болады. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде.

 

Сапар барысында аудан әкімі Ибата елді мекенінде жаңа футбол және балалар ойын алаңшаларын пайдалануға беру рәсіміне қатысты. Жоба аясында аумағы 800 шаршы метрді құрайтын футбол алаңы мен 150 шаршы метрлік балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді.

 

Заманауи талапқа сай жабдықталған нысандар ауыл жастарының спортпен тұрақты айналысуына, балалардың белсенді демалысын ұйымдастыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

Ашылу салтанатынан кейін ауыл жастары арасында жолдастық футбол кездесуі өтті.

Ұқсас жазбалар