HomeЖаңалықТүркістан облысында 30 мыңға жуық түлек ҰБТ-ға қатысады

Түркістан облысында 30 мыңға жуық түлек ҰБТ-ға қатысады

Түркістан облысында биыл 30 мыңға жуық түлек ҰБТ-ға қатысады, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан облысында 2025-2026 оқу жылында 34 911 түлек 11-сыныпты аяқтайды. Оның 28 879-ы ҰБТ тестіне қатысуға сұраныс жолдаған. Ал, 9-сынып бітірушілер саны 47 460-ты құрап отыр. Түлектердің 2 416-ы «Алтын белгі» үміткері болса, 3 141 түлек «Үздік аттестат» алуға ниетті. Жуырда ғана түркістандық қос түлек тестілеуге қатысып, 140 балл жинаған болатын. Облыс орталығында орналасқан жекеменшік мектептің 11 “Д” сынып оқушылары Айсұлтан Жанбырбай мен Жасур Нышанбаев ҰБТ-да ең жоғары нәтижені тіркеп үлгерді.

 

Жалпы, өңірде бүгінгі таңда 1 106 орта мектепте 554 776 оқушы білім алады. Оның ішінде, 940 мемлекеттік мектеп болса, 116 мектеп — жеке меншік білім ордалары.

Ұқсас жазбалар