HomeЖаңалықТҮРКІСТАН: Мектеп жанынан ашылған жылыжай алғашқы өнімін берді

ТҮРКІСТАН: Мектеп жанынан ашылған жылыжай алғашқы өнімін берді

Келес ауданында мектеп жанынан ашылған жылыжай алғашқы өнімін берді, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Келес ауданының Біртілек елді мекенінде орналасқан №66 жалпы білім беретін мектебі жанынан салынған заманауи жылыжайда өсірілген алғашқы өнімдер пісіп жетілді. Жылыжайда қызанақ, қияр, баялды, аскөк және болгар бұрышы өсірілуде. Бұл өнімдер оқушылардың өз қолдарымен егіліп, күнделікті күтім жасалады. Жоба аясында оқушылар өсімдіктерді өсірудің қыр-сырын меңгеріп, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруда.

 

Мектеп парламентінің мүшелері мен STEM кабинетіндегі жас зерттеушілер арнайы тұқымдарды іріктеп, сапалы көшеттер дайындайды. Ұстаздардың жетекшілігімен жылыжайда заманауи агротехнологиялар қолданылып, тамшылатып суғару жүйесі іске қосылған. Білім ордасындағы бұл бастама оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік беруде. Алдағы уақытта мектеп ұжымы жылыжайда қызғалдақ гүлдері мен құлпынай өсіруді жоспарлап отыр. Осылайша, «Келешек мектебі» жобасы аясында ашылған білім ордасында оқушылар білім алып қана қоймай, нақты тәжірибе арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда.

Ұқсас жазбалар