HomeСпортТүркістандықтар жамбы атудан ел чемпионы атанды

Түркістандықтар жамбы атудан ел чемпионы атанды

Түркістан облысының құрамасы жамбы атудан ел чемпионы атанды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Жаңаөзен қаласында 14-19 мамыр күндері аралығында жамбы атудан ересектер арасындағы ҚР чемпионаты өтті. Елдің үздік мергендері бас қосқан ұлттық додада Түркістан облысының құрамасы 4 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, ел біріншілігінің жеңімпазы атанды.

 

«Мажар» стилі бойынша ерлер арасында Айтбек Сарыбай күміс жүлдегер атанса, Ералхан Айкөз қола медаль иеленді. Ал қыздар арасында Зарина Зарилханқызы чемпион атанып, Сандуғаш Тастемір үздік үштікті түйіндеді. «Азия» стилінде Айтбек Сарыбай қарсыластарынан басым түсіп, алтын медальді жеңіп алды. Қыздар арасында Зарина Зарилханқызы күміс жүлдеге қол жеткізді. «Түрік» бағытында жамбы атудан Батыр Бексауыт ел чемпионы атанды. Ал, «Жамбы» стилінде Ақберен Үсен алтыннан алқа тақса, Батыр Бексауыт күміс жүлдені еншіледі.

 

Жалпы командалық есепте Түркістан облысының құрамасы 4 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, ел біріншілігінің жеңімпазы атанды.

Ұқсас жазбалар