HomeЖаңалықТүркістан облысы экономикалық өсім бойынша республикада көш бастады

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша республикада көш бастады

Түркістан облысы қысқа мерзімді экономикалық өсім бойынша республикада көш бастады, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан облысында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жүйелі жұмыстар өз нәтижесін беруде. Атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысымен облыс экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы сақталды. Қысқа мерзімді экономикалық өсім 125,2%-ды құрап, республика бойынша 1 орынға шықты. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбектің төрағалығымен өткен жиында айтылды. Күн тәртібінде әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және бюджеттің атқарылуы бойынша көрсетікіштер қаралды.

 

Облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға жұмысты күшейтуді міндеттеп, нақты тапсырмалар жүктеді.

 

– Тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу мақсатында инвестициялық жобаларды іске асыру, құрылыста әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салу шаралары оң үлесін қосады. Сол себептен, өңірлер кесіндісіне декомпозицияланған жоспардың орындалуын қамтамасыз ету қажет. Әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында жоспарланған межеге қол жеткізу үшін тиісті жұмыстар атқаруды тапсырамын. Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаржылардың мерзімінде және сапалы игерілуін қамтамасыз етіңіздер, – деді Қанат Қайыпбек.

 

Жиында Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Күмісбек Жаппар 2026 жылғы қаңтар-сәуір айының қорытындысы мен әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Оның мәлімдеуінше, өнеркәсіп өнімінің көлемі 571,7 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 133%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде 272,7 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 156,5% деңгейінде қалыптасты. Тау-кен өндірісі 244,7 млрд.теңгеге немесе өсім деңгейі 117,6%-ға жетті. Жоспар толық орындалды. Ауыл шаруашылығында сәуір айының қорытындысымен 205,9 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім қарқыны 111,3%-ды құрады. Жыл басынан негізгі капиталға 470,2 млрд теңге инвестиция бағытталып, өсім 157,4%-ды құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 95,8 млрд теңге жетіп, өсім 110,3% деңгейінде қалыптасты.

 

Облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Гульфари Ажиметованың айтуынша, осы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша облыс көлемінде түсімдер жоспары 105%-ға орындалып, бюджетке жоспардан тыс 22,7 млрд теңге түсім түсті. Жоспардың артығымен орындалуы негізінен өзіндік кірістер есебінен қамтамасыз етілді.

 

Негізгі әлеуметтік-экономикалық даму мәселесі облыс басшысының қатаң бақылауына алынған. Жұмыстар жалғасады.

Ұқсас жазбалар