HomeБизнесТүркістан өңірі бизнес пен инновацияның жаңа нүктесіне айналып келе жатыр

Түркістан өңірі бизнес пен инновацияның жаңа нүктесіне айналып келе жатыр

Түркістан облысы бизнес пен инновацияның жаңа нүктесіне айналып келе жатыр, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Жергілікті кәсіпкерлер Түркістанның бүгінде тек тарихи-рухани орталық қана емес, бизнес пен инновацияның жаңа нүктесіне айналып келе жатқанын ерекше атауда. Жаңа өндірістердің ашылуы, экспорт көлемінің артуы, ауыл шаруашылығындағы озық технологиялардың енгізілуі және туризм саласындағы серпінді жобалар өңірдің әлеуетін жаңа деңгейге көтеруде.

 

Соңғы жылдары облыста жүзеге асқан индустриалды жобалар, заманауи кәсіпорындар мен өндіріс орындары өңір экономикасына тың серпін берді. Бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі нақты нәтижесін көрсетіп отыр. Соның арқасында кәсіпкерлер өз ісін кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік алуда.

 

Кәсіпкерлердің айтуынша, Түркістан облысында қалыптасқан қолайлы инвестициялық ахуал мен инфрақұрылымдық даму өңірге шетелдік және отандық инвесторлардың қызығушылығын арттырған. Бүгінде аймақта агроөнеркәсіп, құрылыс индустриясы, қайта өңдеу саласы, логистика және туризм бағытында ірі жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.

Ұқсас жазбалар