HomeБизнесТҮРКІСТАН: Жүйелі жұмыстар өңір экономикасының қарқынды дамуына тың серпін беруде

ТҮРКІСТАН: Жүйелі жұмыстар өңір экономикасының қарқынды дамуына тың серпін беруде

Түркістан облысындағы жүйелі жұмыстар өңір экономикасының қарқынды дамуына тың серпін беруде, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан облысында кәсіпкерлікті қолдау бағытында жүзеге асып жатқан жүйелі жұмыстар өңір экономикасының қарқынды дамуына тың серпін беруде. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан нақты қолдаулардың нәтижесінде аймақта өндіріс көлемі артып, жаңа кәсіпорындар ашылып, мыңдаған тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылуда.

 

Бүгінде Түркістан өңірі – инвестиция мен бастамалар тоғысқан, кәсіпкерлікке кең мүмкіндік берілген аймаққа айналды. Заманауи өндіріс орындары, агроөнеркәсіптік кешендер, туризм, құрылыс, логистика және терең өңдеу салаларындағы ауқымды жобалар өңірдің экономикалық әлеуетін еселей түсуде. Әсіресе мемлекет қолдауымен жүзеге асып жатқан индустриалды аймақтар мен арнайы экономикалық бастамалар кәсіпкерлердің жаңа белестерге көтерілуіне жол ашты.

 

Өңір кәсіпкерлері мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жан-жақты қолдауға ризашылықтарын білдіріп, Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған маңызды жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға дайын екендерін атап өтті. Кәсіпкерлердің айтуынша, өңірде қолға алынған ерекше жобалар мен ірі бастамалар Түркістанның инвестициялық тартымдылығын арттырып қана қоймай, ел экономикасының дамуына да елеулі үлес қосып келеді.

Ұқсас жазбалар