HomeЖаңалықТҮРКІСТАН: Жетісайда ветеринариялық нысандардың құрылысы жүргізіліп жатыр

ТҮРКІСТАН: Жетісайда ветеринариялық нысандардың құрылысы жүргізіліп жатыр

Жетісай ауданында ветеринариялық нысандардың құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, биыл Жетісай ауданында бірқатар ветеринариялық нысандардың құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда қажетті жер телімдерінің құжаттарын рәсімдеу жұмыстары толық аяқталған. Аудан әкімі Серік Мамытов аудандағы ветеринариялық нысандардың құрылыс барысын бақылады. Өңір басшысы салаға жауапты мамандар мен мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс сапасына айрықша мән беру қажеттігін атап өтті.

 

Республикалық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен шілде айының соңына дейін 1 ветеринарлық станция мен 9 ветеринарлық пункттің құрылысы жүргізіледі. Сонымен қатар, ұсақ малдарды шомылдыруға арналған 9 арнайы бассейн және 2 мал өлекселерін тастайтын орын салу көзделіп отыр.

Ұқсас жазбалар