HomeЖаңалықТҮРКІСТАН: Шардара СЭС-індегі жағдай тұрақты бақылауда

ТҮРКІСТАН: Шардара СЭС-індегі жағдай тұрақты бақылауда

Шардара ауданының әкімі «Шардара СЭС» АҚ-ның жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Шардара ауданының әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев «Шардара СЭС» АҚ-на арнайы барып, нысанның қазіргі жұмыс барысымен танысты.

 

Аудан басшысына «Шардара СЭС» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, Бас инженер Мәмбетов Сырым су қоймасындағы су көлемі, су ағымының деңгейі және гидроэлектр станциясының қалыпты жұмыс режимі бойынша жан-жақты таныстырды.

 

Қазіргі таңда су қоймасындағы жағдай тұрақты. Мамандардың мәліметінше, су ағымы қалыпты деңгейде сақталып, нысан үздіксіз жұмыс жүргізуде. Бүгінде су ағымы секундына 415 текше метрді құрап отыр.

 

Су ресурстары тұрақты бақылауда болып, тиісті шаралар кезең-кезеңімен атқарылуда.

 

Жалпы, Шардара СЭС-індегі жағдай тұрақты бақылауда және барлық жүйелер штаттық режимде жұмыс жасауда.

Ұқсас жазбалар