HomeҚоғамТҮРКІСТАН: Ордабасыда ҚХА-ның ақпараттық-насихаттық тобымен кездесу өтті

ТҮРКІСТАН: Ордабасыда ҚХА-ның ақпараттық-насихаттық тобымен кездесу өтті

Ордабасыда Қазақстан халқы Ассамблеясының ақпараттық-насихаттық тобымен кездесу өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Ордабасы ауданында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ақпараттық-насихаттық тобының қатысуымен Ассамблея құрылымдары мен этномәдени бірлестіктер өкілдері арасында ақпараттық-насихаттық кездесу ұйымдастырылды.

 

Кездесу барысында ақпараттық-насихаттық топ мүшелері жаңартылған Конституцияның қоғамдағы маңызы мен ел бірлігін нығайтудағы рөліне тоқталды. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Салауатты сана» жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қоғамда тұрақтылықты сақтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және саналы көзқарас қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.

 

Іс-шараға Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гулсара Тоққұлова, Медиация кеңесінің төрағасы Бақытжан Бейсембаев, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ермекбай Сатенов, аудандық Әкелер мектебінің төрағасы Лес Жүсіп, Ордабасы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділ Ысхах, сондай-ақ аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Зәуре Әбіш қатысып, отбасы құндылықтары мен қоғамдық келісімді нығайту бағытында пікір алмасты.

 

Жиын соңында аудан көлемінде отбасы құндылықтарын дәріптеп, ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып жүрген бірқатар аналарға Алғыс хаттар табысталды.

 

Осындай мазмұнды кездесулер ел бірлігін нығайтып, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтауға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.

Ұқсас жазбалар