HomeБизнес«АУЫЛ АМАНАТЫ»: Қаржы игеру көрсеткіші бойынша Түлкібас ауданы үздік үштікте

«АУЫЛ АМАНАТЫ»: Қаржы игеру көрсеткіші бойынша Түлкібас ауданы үздік үштікте

Түлкібас ауданында «Ауыл аманаты» жобасының аудан көлемінде жүзеге асырылуы және су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

«AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалының ұйымдастыруымен депутаттық фракция мүшелері мен партиялық бақылау комиссиясының қатысуымен бірлескен мәжіліс өтті. Жиында «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы аясындағы «Ауыл аманаты» жобасының аудан көлемінде жүзеге асырылуы және су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелері талқыланды.

 

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Ғани Құрманбай, аудандық филиал төрағасы Ержан Жүнісов, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Өтепбай Мәткерімов, аудандық мәслихат төрағасы Серғали Сарсенбаев, «Ырыс» микроқаржы ұйымы ЖШС басқарма төрағасы Мұхит Мыңбаев, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, кәсіпкерлер мен аудан тұрғындары қатысты.

 

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша «Ырыс» микроқаржы ұйымының басшысы Мұхит Мамытұлы «Ауыл аманаты» бағдарламасының 2023-2026 жылдар аралығында Түлкібас ауданында және облыс көлемінде қаржыландырылуы жөнінде баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, бөлінген қаржыны игеру көрсеткіші бойынша Түлкібас ауданы облыста үздік үштіктің қатарында.

 

Жиын барысында ауыл әкімдері мен кәсіпкерлер, кәсіп ашуға ниетті тұрғындар бағдарламаға қатысты өз сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды. Сонымен қатар, BNK Group ЖШС менеджері Сабит Сапарбек жаңбырлатып және тамшылатып суғару технологияларының тиімділігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ол аталған технологиялардың суды үнемдеуге, топырақтың тозуын азайтуға және өнім көлемін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

 

Мәжілісте жоба аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар, ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту бағытындағы нәтижелер кеңінен сөз болды. Сондай-ақ жеңілдетілген несие беру, ауыл шаруашылығын дамыту, кооперативтер құру және тұрғындардың табысын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ұқсас жазбалар