HomeҚоғамТҮРКІСТАН: Түлкібаста әрекетке қабілетсіз азаматтардың құқығын қорғау бағытында кездесу өтті

ТҮРКІСТАН: Түлкібаста әрекетке қабілетсіз азаматтардың құқығын қорғау бағытында кездесу өтті

Түлкібас ауданында әрекетке қабілетсіз азаматтардың құқығын қорғау бағытында кездесу өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түлкібас ауданында әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың құқықтарын қорғау және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында кездесу ұйымдастырылды.

 

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Кәлмен Бақдәуір Тынысбекұлы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Раимбеков Жасұлан Жантасұлы, “Отбасын қолдау орталығы” өкілдері қатысып, тұрғындарға құқықтық және әлеуметтік бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

Кездесу барысында қаржылық алаяқтықтың алдын алу; мобильді қосымшалар арқылы заңсыз несие рәсімдеу қаупі; тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу; әрекетке қабілетсіз азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері түсіндірілді.

 

Мамандар әр азаматтың құқығы заңмен қорғалатынын атап өтіп, әлеуметтік осал топ өкілдеріне қатысты заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Ұқсас жазбалар