HomeҚоғамТҮРКІСТАН: Түлкібаста «Әлеуметтік такси» және «Инватакси» қызметтері ұйымдастырылған

ТҮРКІСТАН: Түлкібаста «Әлеуметтік такси» және «Инватакси» қызметтері ұйымдастырылған

Түлкібас ауданында «Әлеуметтік такси» және «Инватакси» қызметтері ұйымдастырылған, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түлкібас ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдауға арналған «Әлеуметтік такси» және «Инватакси» қызметтері ұйымдастырылған.

 

2026 жылғы 4 мамырда өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде S.B.A Holding серіктестігі жеңімпаз атанып, қазіргі таңда 9 әлеуметтік такси автокөлігі және 1 арнайы гидравликалық құрылғымен жабдықталған инватакси көлігі азаматтарға қызмет көрсетуде.

 

Қызмет аудандағы мүгедектігі бар азаматтарға тегін көрсетіледі. Бүгінде 166 азамат қамтылған. Қызмет алу үшін: Өтініш; Жеке куәлік көшірмесі; 026/е нысанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысы қажет.

Ұқсас жазбалар