HomeЖаңалықАрыста құқықтық оқыту отырысы өтті

Арыста құқықтық оқыту отырысы өтті

Арыс қаласында құқықтық оқыту отырысы өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Арыс қаласы әкімдігінің мәжіліс залында 2026 жылдың ІІ тоқсанына арналған жоспарға сәйкес құқықтық оқыту отырысы өтті. Жиынға қала әкімі аппаратының бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және мемлекеттік қызметшілер қатысты.

 

Отырысты қала әкімінің аппарат басшысы Талғат Анашбеков жүргізіп, құқықтық сауаттылықты арттыру мен мемлекеттік қызметте құжат айналымын заң талаптарына сай ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталды.

 

Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №236 бұйрығына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану тәртібі, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттаманы басқару, құжат айналымын ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану мәселелері қаралды.

 

Жиын барысында Арыс қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Мұхит Әсет Нұржанұлы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Құдайберген Ақылбай Талғатұлы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Сералиев Досымхан Тастанұлы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама жасап, қолданыстағы талаптар мен құжат жүргізу тәртібі жөнінде түсіндірме берді.

 

Отырыс қорытындысында көтерілген мәселелер мен ұсыныстар назарға алынып, құқықтық оқыту бағытындағы жұмыстарды жүйелі жалғастыру және тиісті ұйымдастыру шараларын жүргізу міндеті жүктелді.

Ұқсас жазбалар