HomeҚоғамТҮРКІСТАН: Есепте тұрған тұлғалар – полиция бақылауында

ТҮРКІСТАН: Есепте тұрған тұлғалар – полиция бақылауында

Түркістан облысында «Есептегі тұлғалар» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан облысында есепте тұрған тұлғаларды бақылау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Есептегі тұлғалар» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

 

Шараның алғашқы тәулігінде Кентау қаласының полицейлері пробация қызметкерлерімен бірлесіп, есепте тұрған 24 тұлғаны тексерді. Сонымен қатар учаскелік полиция инспекторлары мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған 5 тұлғаны, әкімшілік қадағалаудағы 4 тұлғаны, қорғау нұсқамасы белгіленген 12 тұлғаны және ерекше талап қойылған 10 тұлғаны мекенжайы бойынша тексеруден өткізді.

 

Нәтижесінде әкімшілік қадағалауда тұрған есептегі тұлғаның түнгі уақытта үйінде болмағаны анықталып, оған қатысты әкімшілік шара көрілді. Полицейлер есептегі тұлғаларды тұрақты бақылауда ұстап, олардың заң талаптарын сақтауын қадағалау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.

Ұқсас жазбалар