HomeЖаңалықТҮРКІСТАН: Созақтағы мектептерде «Жасыл мектеп» экологиялық бағдарламасы жүзеге асырылды

ТҮРКІСТАН: Созақтағы мектептерде «Жасыл мектеп» экологиялық бағдарламасы жүзеге асырылды

Созақ ауданындағы мектептерде «Жасыл мектеп» экологиялық бағдарламасы жүзеге асырылды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

Созақ ауданындағы бірқатар білім ошақтарында ‘KATKO» компаниясының бастамасымен «Жасыл мектеп» экологиялық бағдарламасы жүзеге асырылуда. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясындағы жоба оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруды көздейді. 2025-2026 оқу жылында 5 мектепті қамтыған жоба аудан орталығындағы А.Сүлейменов атындағы жалпы білім беретін мектептен басталды. Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру — бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Жоба аясында еліміздегі мектеп оқушылары қоқыс қалдықтарын сұрыптау және қайта өңдеу жұмыстарына белсенді қатысып, бүгінге дейін 1 321 келі қағаз, 102 келі пластик бөтелке, 56 келі пластик қақпақ және 52 келі алюминий жинаған. Сонымен қатар 30-дан астам экологиялық дәріс ұйымдастырылған. Эко-фестиваль барысында балалар пластик қақпақтарды қайта өңдеу процесімен танысты. Экологиялық шаралар аудандағы Сүгір Әліұлы, І.Кеңесбаев, Абай және Ж.Қаламбаев атындағы мектептерде жалғасады. Айта кетейік, «KATKO» компаниясы Созақ ауданында бүгінге дейін әлеуметтік-экономикалық бағыттағы 500-ге жуық жобаны жүзеге асырған.

Ұқсас жазбалар