HomeҚоғамТҮРКІСТАН: Прокуратура жасөспірімдердің құқықтарын қорғау мәселесіне тұрақты түрде назар аударады

ТҮРКІСТАН: Прокуратура жасөспірімдердің құқықтарын қорғау мәселесіне тұрақты түрде назар аударады

Түркістан облысында энергетикалық сусындарды тұтынуды шектеу бойынша жаппай түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Прокуратура органдары кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне тұрақты түрде назар аударады.

 

Жазғы демалыс кезеңінде жол-көлік оқиғаларының, су айдындарындағы, демалыс орындарындағы, жазғы лагерьлердегі, ойын алаңдарындағы, батут және ойын-сауық орталықтарындағы балалар жарақатының алдын алу мәселелері өзекті мәнге ие.

 

Өткен жылы облыс аумағында жол қозғалысы қағидаларын сақтамау салдарынан орын алған жол-көлік оқиғалары нәтижесінде 450-ден астам кәмелетке толмаған түрлі дене жарақаттарын алған.

 

Осыған байланысты прокуратура органдары ата-аналарды балалардың жазғы демалысы кезеңінде олардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырады.

Ұқсас жазбалар