HomeҚоғамТүркістанда жастарды жұмыспен қамту жұмыстары жалғасуда

Түркістанда жастарды жұмыспен қамту жұмыстары жалғасуда

Түркістанда жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, Мансап орталығымен бірлесе NEET санатындағы жұмыссыз 33 жасты жұмыспен қамту мақсатында жаңадан ашылған зауыттарға экскурсия ұйымдастырылды.

 

Іс-шара барысында жастар өндіріс орындарының жұмысымен танысып, бос жұмыс орындары мен еңбек ету мүмкіндіктері туралы ақпарат алды. Сонымен қатар, мамандар тарапынан тұрақты жұмысқа орналасу және кәсіптік бағдар беру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

Экскурсияның мақсаты – жастарды еңбекке ынталандыру, жұмыспен қамтуға қолдау көрсету және тұрақты жұмысқа бағыттау.

Ұқсас жазбалар