Түркістан облысының оқушылары үш жыл қатарынан бес асық спортынан ел чемпионы атанды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Қызылорда қаласында Ұлттық мектеп лигасы жарыстары аясында бес асық спорт түрінен 7-8 сынып оқушылары арасында республикалық деңгейдегі тартысты дода өтті. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен өткен жарыста Түркістан облысының намысын қорғаған Түлкібас ауданы білім бөлімінің А.Пушкин атындағы ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінің оқушыларынан құралған команда жоғары шеберлік танытып, жүлделі І орынды иеленді. Бұл — жас спортшыларымыздың 3 жыл қатарынан республика чемпионы атанып отырған тарихи жетістігі.
Атап айтар болсақ, чемпиондық команда қатарында Айару Жүнісқызы, Інжу Қалдыбек пен Айсезім Сағындық бар. Оқушыларды Алмас Қарабаев пен Маржан Мирхамидова дайындаған.

