Түркістандық балуандар самбодан Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Ақтау қаласында 17-22 мамыр күндері аралығында самбо күресінен кіші жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтуде. Байрақты бәсекеде Түркістан облысының спортшы қыздары жоғары нәтиже көрсетіп, ел мерейін үстем етті.
Жарыс қорытындысында Ханшайым Тұрдыбай мен Балнура Жұмабаева Азия чемпионы атанды. Сондай-ақ, Айша Жүсіпәлі қола жүлдені қанағат тұтты. Аталған жарыс 22 мамырға дейін жалғасады.

