Түркістан облысының балуандары ел чемпионатында 12 медаль еншіледі, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Алматы облысындағы Өтеген батыр кентінде 14-17 мамыр күндері аралығында белбеу күресінің алыш түрінен жастар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Дүбірлі додада Түркістан облысының балуандары жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 4 алтын, 3 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.
Атап айтар болсақ, Нусия Қалмырза, Аяулым Орынбай мен Снежана Якубова сынды бұрымдылар өз салмақтарында чемпион атанса, Нұрхан Жамалхан жастар арасындағы ел біріншілігінің үздігі атанды. Сондай-ақ, Ернар Жұпарбек, Таңшолпан Өмірзақ пен Айкен Садуақас күміс мендальді қоржынға салған. Ал, Нұрайлым Муслим, Гүлсім Талғат, Саят Балғабай және Нүркен Нұрмахан мен Жандос Қалдыбеков үздік үштікті қорытындылады.

