HomeҚоғамТҮРКІСТАН: Сауранда абаттандыру және тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр

ТҮРКІСТАН: Сауранда абаттандыру және тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр

Сауран ауданында абаттандыру және тазалық жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

Сауран ауданында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары аясында жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды.  250-ге жуық адам қатысып, елді мекендердің тазалығы мен абаттануына өз үлестерін қосты.

Тазалық жұмыстары барысында көше бойлары, қоғамдық орындар мен арық-атыздар қоқыстан тазартылып, қоршаған ортаны ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жұмыстарды тиімді ұйымдастыру үшін 5 техника жұмылдырылды.

Аудан аумағында тазалық және көркейту жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда.

Ұқсас жазбалар