Түлкібас ауданында «Жасөспірім және жауапкершілік» атты рейд өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Түлкібас ауданында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, жауапкершілікті арттыру және кешкі уақыттағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Жасөспірім және жауапкершілік» атты рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған шараға аудандық полиция қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығының мамандары қатысып, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Рейд барысында жастар арасында тәртіп сақтау, заң талаптарын орындау және қауіпсіздік ережелерін ұстану қажеттілігі кеңінен түсіндірілді.
Осындай шаралар жас ұрпақтың саналы, жауапкершілігі жоғары азамат болып қалыптасуына өз септігін тигізеді.

