HomeҚоғамТҮРКІСТАН: Созақтағы «Жасыл белдеу» жайқалып келеді

ТҮРКІСТАН: Созақтағы «Жасыл белдеу» жайқалып келеді

Созақ ауданының әкімі көркейту және көгалдандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылауына алды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Шолаққорған ауылындағы ішкі көшелер мен саябақтарды аралап, көркейту және көгалдандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылауына алды.

Аралау барысында абаттандыру жұмыстарының сапасына ерекше назар аударды. Саябақтар мен орталық көшелерді кешенді дамыту, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мәселелері пысықталды. Бұған қоса биыл асфальт жабындысы төселетін ішкі көшелер де назарға алынды.

Сондай-ақ Шолаққорған–Түркістан бағытындағы «Жасыл белдеу» аумағында болып, отырғызылған тал көшеттерінің жай-күйімен танысты.

Аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы жауапты сала басшыларына көркейту-көгалдандыру жұмыстарын ширатып, белгіленген міндеттердің уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Ұқсас жазбалар