Сайрам ауданында кәсіпорын жылына 50 млн дана балаларға арналған жөргек өндіреді, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Сайрам ауданындағы Ақсу ауылында жылына 60 млн дана дымқыл майлық өндіретін кәсіпорын жұмыс істейді. «CAPABLE GROUP мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің дымқыл майлықтар және жөргектер өндіру кәсіпорны 2025 жылы іске қосылған. Өндіріс орны қағаз және санитарлық-гигиеналық өнімдер өндіреді. Қазіргі таңда кәсіпорында 86 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Жобаның жалпы құны — 282 млн теңге. Өнімдер Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей елдеріне экспортталады. Айта кетейік, «CAPABLE GROUP мүгедектер қоғамы» елімізде балалар жөргегін өндіретін жалғыз кәсіпорын. Ондағы қызметкерлердің 60 пайызы ерекше күтімді қажет ететін азаматтар. Өндіріс орнында жылына 50 млн дана жөргек өндірілуде.

