HomeЖаңалықТҮРКІСТАН: Сайрамда жылына 8 мың тонна металл өндіретін зауыт іске қосылады

ТҮРКІСТАН: Сайрамда жылына 8 мың тонна металл өндіретін зауыт іске қосылады

Сайрам ауданында жылына 8 мың тонна металл өнімдерін өндіретін зауыт іске қосылады, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

Сайрам ауданының өндірістік әлеуетін арттыру және өңірде жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде іске асып келеді. Соның бірі – Көлкент ауылдық округінде орналасқан ЖК «Абдирасулов» өндіріс орны. Аталған жоба аясында ғимарат қабырғалары мен шатырларына арналған метал өнімдерін өндіретін заманауи зауыттың құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі таңда нысан құрылысының 90 пайызы аяқталып, кәсіпорынды іске қосуға қажетті рұқсат құжаттарын рәсімдеу жұмыстары атқарылуда.

Жобаның жалпы инвестициялық құны — 2 млрд 135 млн теңге. Өндіріс орны толық іске қосылған жағдайда 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Бұл өз кезегінде ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізеді. Кәсіпорынның өндірістік қуаты — жылына 8 мың тонна.

Ұқсас жазбалар