HomeЖаңалықТҮРКІСТАН: Түлкібаста ауызсу құбырларын жаңарту жұмыстары жүріп жатыр

ТҮРКІСТАН: Түлкібаста ауызсу құбырларын жаңарту жұмыстары жүріп жатыр

Түлкібас ауданында елді мекендердің ауызсу құбырларын жаңарту жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

Түлкібас ауданындағы елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осыған орай, аудан әкімі Асқар Естібаев бірқатар ауылдық округтердегі атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Алдымен аудан басшысы Жаскешу ауылдық округіне қарасты Пістелі ауылында болды. Онда жалпы ұзындығы 1,2 шақырым болатын 110 мм құбыр тартылып, 15 құдық қойылған. Сонымен қатар, Балықты ауылдық округіндегі Көкбұлақ ауылында да ауызсу сапасын арттыру жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, Машат ауылдық округіне қарасты Қызылбастау ауылында жаңа ұңғыма қазылып, 205 метр аумақ қоршалған. Су мұнарасы орнатылып, 110 мм құбыр арқылы 7 шақырым абоненттік желі тартылған. Сондай-ақ, Еңбекші ауылында су мұнарасы мен су сорғысы орнатылып, 800 метр құбыр жүргізілген. Аудан әкімі ауызсу нысандарын аралау барысында су көздерінің маңына ағаш отырғызуды және бейнебақылау жүйесін орталықтандырылған түрде бақылауды тапсырды.

Айта кетсек, жуырда аудандағы Келтемашат ауылдық округі, Жиынбай ауылының тұрғындары 200 метрлік құбыр арқылы сапалы ауызсумен қамтамасыз етілді. Одан бөлек, Даубаба ауылында 27 үйге ауызсу тартылып, 3 шақырым жерге диаметрі 110 мм құбыр жүргізілген.

Ұқсас жазбалар