HomeЖаңалықТҮРКІСТАН: 14, 15 мамыр күндері Ясауи кесенесі жабық болады

ТҮРКІСТАН: 14, 15 мамыр күндері Ясауи кесенесі жабық болады

14, 15 мамыр күндері Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және музей-қорыққа қарасты барлық музейлер жабық болады, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

Бұл туралы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының әкімшілігі хабарлады.

«Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтуіне орай 14, 15 мамыр күндері Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және музей-қорыққа қарасты барлық музейлер жабық болады. Сондай-ақ ол күндерге «Тикетон» және «Давай сходим» қосымшалары арқылы алдын ала онлайн билет сатып алуға да шектеу қойылды.

Халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шараны өткізу барысында енгізілетін уақытша шектеулер мен қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз», — делінген хабарламада.

Ұқсас жазбалар