HomeЖаңалықТҮРКІСТАН: Созақтағы орталық аурухана күрделі жөндеуден өтіп жатыр

ТҮРКІСТАН: Созақтағы орталық аурухана күрделі жөндеуден өтіп жатыр

Созақ аудандық орталық ауруханасы күрделі жөндеуден өтіп жатыр, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков және ауданға арнайы жұмыс сапарымен келген Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев «Созақ аудандық орталық ауруханасы» ғимаратында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Жұмыс барысында мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар сараланды. Нысандағы құрылыс жұмыстарының сапалы әрі мерзімінде аяқталуы бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

Айта кетейік, жоба аясында медициналық мекеме ғимараты толық жаңғыртылып, заманауи талаптарға сай бейімделеді. Аталған жоба «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының демеушілігі арқылы жүзеге асуда. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2026 жылдың 11 сәуірінде басталған. Жобаны 2027 жылдың 31 қазанында аяқтау жоспарланған.

Қазіргі таңда нысанның іргетасы мен қабырғаларын күшейту, темір қаңқаларын орнату және құрылыс қалдықтарын шығару жұмыстары жүргізілуде. Нысанда 30-дан астам жұмысшы мен арнайы техника жұмылдырылған.

Ұқсас жазбалар