Түркістан қаласында 438 қоғамдық көлік аялдамасы тұрғындарға қызмет көрсетуде, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Түркістан қаласында қоғамдық көлік аялдамаларының санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Шаһардағы барлық аялдамаларда күнделікті тазалық шаралары атқарылуда. Сонымен қатар, аялдамалардағы айналар мен өзге де элементтер жаңартылып, тозығы жеткен құрылғылар қалпына келтірілуде. Бұзылған нысандарға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі таңда Түркістан қаласында 438 қоғамдық көлік аялдамасы тұрғындарға қызмет көрсетуде. Соңғы үш жыл ішінде қала әкімдігінің қолдауымен 374 жаңа үлгідегі заманауи аялдама орнатылды. Жыл соңына дейін қосымша 100 аялдама орнату жоспарлануда.

