Түркістан облысы аумағында ағымдағы жылдың 6-12 мамыр күндері аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Мақсаты — қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол-көлік оқиғаларын азайту.
Полиция қызметкерлері профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, әсіресе жүргізушілер тарапынан жылдамдықты асыру, қарсы бағытқа шығу, жол жүру қағидаларын өрескел бұзу деректерінің алдын алуға басымдық беруде. Сондай-ақ тұрғындарға заң талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды жолда мұқият болып, жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Себебі әрбір адамның өмірі мен қауіпсіздігі — басты назарда.

