80-90 жылдардағы хит әндер ұлттық аспаптың сүйемелдеуінде орындалды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясының, «Жұбановтар әуені» байқауының жеңімпазы «Сүгір» атындағы қазақ-ұлт аспаптар оркестрінің, Алаш вокалды аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен ескіні еске алған әсерлі кеш өтті.
Кештің ерекше тұсы 80-90 жылдары танымалдығы артқан ретро, хит әуендер шырқалды.
Әйгілі Досмұқасан, ABBA, Modern Talking, Ю. Шатунов сынды отандық және әлемдік танымал әртістер мен топтардың, әлемге танымал кинофильмдердің саундтрегі филармония әншілерінің орындауында көрерменге жол тартты.
Ұлттық аспаптың дәрежесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған концерттік жоба алғаш рет өткен жылдың желтоқсан айында ұсынылған болатын. Өнерсүйер қауымның өтінішімен бұл жылы да жаңа сарында одан әрі шыңдалып,жанданып қайта ұсынылды.
Күнделікті күйбеңнен бір сәт демалып, өткеннің естеліген еске салған әсерлі кеш көрермен қауымның көңілінен шығып, ыстық ықыласына кенелді.

