HomeҚоғамЕрекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа орналастыруға бөлінетін квота 2 есе көбейеді

Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа орналастыруға бөлінетін квота 2 есе көбейеді

QULAGER.KZ. Мемлекет басшысының Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде инфрақұрылымды дамыту және ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін кедергісіз ортаны қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Үкімет отырысында жаңа нысандар салудың ағымдағы нәтижелері мен жоспарлары туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев баяндады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы.

Бүгінгі таңда елімізде ерекше қажеттіліктері бар 752 мыңға жуық адам тұрады, оның 56%-ы еңбекке қабілетті жастағы азаматтар, 29%-ы зейнет жасында және 15%-ы балалар. Оларды қолдау үшін биыл мемлекеттік бюджеттен және әлеуметтік сақтандыру қорынан 1,1 трлн теңге бөлінді. Бұл қаражаттың едәуір бөлігі Әлеуметтік қызметтер порталында тіркелген 1017 техникалық оңалту құралдарын жеткізуші, 785 ишара тілі бойынша қызмет көрсетуші және 132 санаторий-курорттық ұйым арқылы қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге жұмсалады.

«Еліміз бойынша ересектер мен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жоғары технологиялық жабдықтары бар 33 оңалту орталығы жұмыс істейді. Соңғы 2 жылда Семей, Тараз, Кентау және Орал қалаларында 4 жаңа орталық ашылды. Осы жылдың мамыр айында Атырау қаласында тағы 1 орталық ашылады. Сонымен қатар 7 орталық бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және салу жұмыстары жүргізілуде. Психикалық ауытқулары бар балаларға ерекше назар аударылуада. Аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған 1825 орындық 15 мамандандырылған орталық жұмыс істеп тұр», — деп атап өтті министр.

Ұқсас жазбалар