HomeСпортРеспубликалық турнирде Түркістан облысы жеңіске жетті

Республикалық турнирде Түркістан облысы жеңіске жетті

Астанада өткен республикалық турнирде Түркістан облысы жеңіске жетті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

Астана қаласында 16-20 сәуір  күндері  Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің ұйымдастыруымен коммуналдық сала қызметкерлері арасында футзалдан «Қазақстанның коммуналдық қызметкерлері кубогі – 2026» республикалық турнирі өтті.

Ауқымды спорттық додаға  еліміздің 16 өңірінен командалар қатысып, өзара бақ сынасты. Тартысты өткен кездесулер қорытындысы бойынша жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсеткен Түркістан облысының құрамасы жеңімпаз атанып, жүлделі І орынды иеленді.

Аталған турнир коммуналдық сала қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ өңіраралық әріптестік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды спорттық алаң болды.

Ұқсас жазбалар