HomeЖаңалықЖүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру рәсімі жаңғыртылады

Жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру рәсімі жаңғыртылады

QULAGER.KZ. ҚР Премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру рәсімін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Кеңес барысында ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, жүргізуші куәлігін алу үдерісінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге, азаматтар үшін қолайлылықты арттыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және жүргізушілерді даярлау сапасын күшейтуге бағытталған нақты шаралар қаралып, бекітілді.

Біріншіден, енгізілетін жаңашылдықтарға сәйкес азаматтар жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханды ақылы негізде, әрекеттер арасындағы аралықты кемінде 10 күнтізбелік күн сақтай отырып, шектеусіз тапсыра алады.

Айта кету керек, қазіргі уақытта азаматтарға 3 тегін мүмкіндік беріледі: алғашқы екі мүмкіндік – 1 күн аралықпен, үшіншісі – 30 күннен кейін. Аталған мүмкіндіктер аяқталған соң қайта оқудан өту талап етілетін, бұл жекелеген жағдайларда азаматтарды жүргізуші куәлігін заңсыз жолмен алуға итермелейтін жағдайлар туғызатын. Жаңа норма рәсімді анағұрлым қолжетімді етіп, артық шектеулерді алып тастауға және сыбайлас жемқорлық көріністерінің тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді.

Ұқсас жазбалар