Түркістан қаласы аумағы арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің 3,0 шақырым учаскесінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Жоба аясында ескі асфальт жабындысы толықтай алынып, оның орнына заманауи талаптарға сәйкес қиыршық тас-мастикалық асфальтбетон жабыны төселуде. Бұл жұмыстар жолдың сапасын арттырып, көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазіргі таңда нысанның 1 шақырым бөлігінде жолдың бір жақтама жүріс жолағында жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Қалған учаскелерде жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес жалғасуда.
Жобаны толық 22 сәуірге дейін аяқталады деп жоспарланған. Жөндеу жұмыстарының орындалу барысы тапсырыс беруші және техникалық қадағалаушы ұйымдар тарапынан күнделікті бақылауға алынған.

