HomeUncategorizedТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ГРЕЙГ ҚЫЗҒАЛДАҒЫН ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ГРЕЙГ ҚЫЗҒАЛДАҒЫН ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Түлкібас ауданындағы Шұбайқызыл шоқысында «Парктер шеруі – 2026» табиғатты қорғау акциясы аясында «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері Қызыл кітапқа енген Грейг қызғалдағын қорғау және насихат жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шараға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері, колледж білім алушылары және мектеп оқушылары қатысып, Шұбайқызыл шоқысына келушілерге қызғалдақтарды жұлмау, сирек кездесетін өсімдіктерді қорғау қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, ақпараттық үнпарақтар таратылды. Ұлттық парк қызметкерлері жергілікті мекемелермен бірлесе отырып, табиғатты қорғау бағытындағы түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыра береді.

Ұқсас жазбалар