HomeЖаңалықТҮРКІСТАН: Кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы тағайындалды

ТҮРКІСТАН: Кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы тағайындалды

Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлының өкімімен Түркістан қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы лауазымына Өмірзақ Әдһам Нұрсұлтанұлы тағайындалды., деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Әдһам Өмірзақ — жоғары білімді, құқықтану мамандығы бойынша академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мемлекеттік қызмет саласында 5 жылдан астам еңбек өтілі бар.

 

Еңбек жолын 2020 жылы Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі аппаратында бастаған. Әр жылдары аталған мекемеде түрлі бөлімдерде бас маман қызметтерін атқарып, кейін инфрақұрылым саласында бас инспектор болып жұмыс істеген.

 

Сондай-ақ, Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасында бас маман, бөлім басшысы лауазымдарын атқарып, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалық бағыттары бойынша жауапты қызметтерде тәжірибе жинақтаған.

 

Жаңа қызметінде Әдһам Нұрсұлтанұлы  өңірдің кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, туризм саласын дамыту және инвестициялық тартымдылығын күшейту бағытында жұмыс жүргізеді.

Ұқсас жазбалар