HomeЖаңалықҚазақстандағы әлеуметтік қызметтер ЖИ және проактивті форматқа көшуде

Қазақстандағы әлеуметтік қызметтер ЖИ және проактивті форматқа көшуде

QULAGER.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік-еңбек саласындағы цифрлық мемлекеттік қызметтерді жүйелі түрде дамытып келеді. Қазіргі уақытта 49 қызметтің 45-і электронды форматта ұсынылады, олардың 28-і –проактивті. 2026 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 1,4 млн қызмет көрсетілді, оның ішінде 41%-ы (564,6 мың) электронды түрде және 35%-ы проактивті форматта. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Бахтияр Жазықпаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, цифрлық және проактивті қызметтердің үлесі тұрақты өсім көрсетуде, бұл азаматтарға қызмет көрсетудің неғұрлым ыңғайлы және клиентке бағдарланған моделіне көшу жүріп жатқанын білдіреді.

Вице-министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында министрлік мемлекеттік қызметтерге жасанды интеллект технологияларын енгізуде. Бірінші кезеңде қызметтер электронды форматқа көшірілді, кейін мобильді қосымшаларға енгізілді, одан соң проактивті қызмет көрсету мен төлемдерді автоматты түрде тағайындау іске асырылды.

«Биыл біз барлық мемлекеттік қызметтерде жасанды интеллект технологияларын қолдануды мақсат етіп отырмыз. Бұл қызмет көрсетудің толықтай проактивті және интеллектуалды моделіне көшуге мүмкіндік береді. Жасанды интеллект технологияларын енгізу аясында мемлекеттік қызметтер кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр», – деді Бахтияр Жазықпаев.

Ұқсас жазбалар