Биылғы жылдың қаңтарынан наурызына дейін Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруге мораторий әрекет етті. Алайда оның аяқталуына қарамастан, 1 сәуірден бастап Түркістанда электр энергиясы, жылу және су тарифтері өзгермейді.
«Мораторий халық пен бизнеске түсетін жүктеменің өсуін тежеуге мүмкіндік берді. Бұлшаралар тұрғындар мен кәсіпкерлердің табысын қорғауға бағытталды. Мораторий аяқталғаннан кейін тарифтік саясат кезең-кезеңімен әрі теңгерімді түрде жүзеге асырылатын болады», — деді ТМРКД басшысы Бекмұратов Ақтілеу.
Ол Түркістанда электр энергиясына орташа босату тарифі 1 кВт/сағ үшін 34,31 теңге мөлшерінде 2025 жылғы 1 қарашадан бастап қолданыста екенін еске салды. Жылу энергиясына орташа босату тарифі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіліп, 1 Гкал үшін 3 158,86 теңгені құрайды, бұл алдыңғы деңгейден 22,6%-ға төмен.
2026 жылғы сәуір айынан бастап сумен жабдықтау саласында 1 текше метр үшін 88,31 теңге мөлшерінде орташа босату тарифі қолданылады. Бұған дейін, өткен жылдың 1 желтоқсанынан бастап тарифтік сметаға өзгерістер енгізілген болатын. Атап айтқанда, сумен жабдықтау қызметінің құны 1,3%-ға, ал су бұру тарифтері 1,8%-ға төмендетілді.
Аталған көрсеткіш ағымдағы баға саясатын білдіреді және коммуналдық қызметтердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын сақтауға бағытталған.

