HomeҚоғамТҮРКІСТАН: Өңір тұрғындарының талап-тілектері тыңдалды

ТҮРКІСТАН: Өңір тұрғындарының талап-тілектері тыңдалды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков бекітілген кестеге сәйкес Азаматтарды қабылдау орталығында кезекті рет тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, өтініштерін тыңдады, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

Қабылдауға келген тұрғындар жерді заңдастыру, мемлекеттік қолдау алу және өзге де мәселелерді ортаға салды.

Сарыағаштық азаматтар жерді заңдастыруға қатысты туындаған сұрақтарымен жүгініп, түйінді тарқатуға көмек сұрады. Жылыжайға субсидия қарастыру бойынша өтінішпен келген азаматқа субсидиялау заңдылығы түсіндіріліп, мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы мәлімет ұсынылды. Одан бөлек, жеке қабылдау барысында ауыл шаруашылы саласына қатысты өтініштер мен ұсыныстар айтылды.

Азаматтардың мәселелерін жіті тыңдаған Нұрбол Тұрашбеков жауапты басқарма басшыларына бірқатар тапсырма берді.

Айта кетейік, облыс әкімі мен оның орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдауды тұрақты түрде жалғастырады. Жеке қабылдауға жазу жұмыстарын Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді. Қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы және Азаматтарды қабылдау орталығына келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.

Ұқсас жазбалар